ҚАРАГАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМШІЛІГІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ-ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗЕДІ

2010 жылғы 15-ші қазан күні Қарағанды облысының әкімі Ахметов Серік Нығметұлы Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 32
  • Жауаптар: 28
  • 15.10.2010
  • 15.10.2010
  • Қарағанды облысының әкімі Ахметов Серік Нығметұлы

Узбекова Саида Бакытовна 15.10.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Әкім мырза! Сәлеметсіз бе! Менің атым Саида, мен биыл Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетін бітірдім. Енді ауылға бармақ ойым бар. Ауылда қандай жағдайлар мен көмектер жасалатынын білгім келеді.

Администратор 15.10.2010

Иә, сұрағыңыз өте орынды. Бүгінгі күні ауылда жас мамандар жетіспейді. Сондықтан да сіздің ауылға барып жұмыс істеймін деген ниетіңіз мені өте қуантып отыр. Ауылға баратын жастарға мемлекет тарапынан нақты көмектер мен жеңілдіктер жасалып жатыр. Біріншіден, 70 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі жәрдемақы беріледі. Ал, екіншіден, еңбекақысы да қала мамандарынан 25 пайызға жоғары. Биылғы жылдан бастап пәтер алу үшін несиелік жеңілдіктер қарастырылған. Ауылда жас мамандарды қуана қарсы алады. Сізге, Саида тек табыс тілеймін.