Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Мүдебаев Хайрулла Мүдебайұлы 03.05.2010, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Көшербаев Қырымбек Елеуұлы! Ақтауда үй жалдап тұрушы Мүдебаев Хайрулла бірінші топтағы мүгедекпін. Кемпірім екінші топтағы мүгедек. 83 жастамын. Отан соғысына теңестірілген тыл және еңбек ардагерімін. Ақтауда пәтер кезегінде 600 орында тұрмын. Ал кезекке жасым жетпейді. Сізден өтініп сұраймын кезегімді кезектен тыс жылдамдатып пәтер беруіңізді өтінемін.
Администратор 03.06.2010
Хайрулла ақсақал! Сіз жұбайыңызбен бірге Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтардың пәтер алу тізімінде 02.05.2006 жылы берген арызыңыз бойынша №560 кезекте тұрсыз. Жыл басындағы көрсеткіш бойынша халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын тобына жататын азаматтардың пәтер алу тізімінде 1433 адам тұр. Олар - ҰОС ардагерлері, І және ІІ топ мүгедектері, көп балалы және толық емес отбасылары, жетім балалар, зейнеткерлер және т.б. азаматтар. Сіздің жағдайыңызды түсінемін. Ұлы Жеңіске қол жеткізуге үлес қосқан ардақты ардагерлерімізге барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Алайда Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабы 3-тармағына сәйкес аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Сондықтан, кезектегі азаматтарды бөліп-жаруға қақымыз жоқ. Оның үстіне, пәтерге мұқтаж адамдардың қай-қайсының да жағдайы мәз емес, оны өзіңіз де түсінетін боларсыз. Кезектің жылдам жылжуына сенім артуымызға тура келеді. Құрметпен, Қырымбек Көшербаев