Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Кашаганова Сания Узакбаевна 03.05.2010, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсізбе құрметті Қырымбек Көшербаев! Мен Қашағанова Сания Ұзақбайқызы 2009 жылы Ш.Есенов атындағы КТжИ Университетін үздік бітіріп, Мұнайлы ауданының №5 орта мектебіне жас маман ретінде жұмысқа орналастым. Анам медбике болып жұмыс жасайды, 3 сіңлім сабақта, ал әкем биыл қайтыс болды. Біз ст. Мангышлақта бір бөлмелі пәтер жалдап тұрамыз. Анам екеуіміз бюджетте жұмыс жасаймыз. Жас маман ретінде "Дипломмен ауылға" жобасы бойынша ипотекалық пәтер алуға көмектесуіңізді сұраймыз.
Администратор 03.06.2010
Құрметті Сания Ұзақбайқызы! Біріншіден, әкеңізге байланысты көңіл айтамын, иманды болсын! Өзіңізге белгілі - ауылымыз - алтын бесігіміз. Сондықтан, елді мекендерді дамыту, көркейту, яғни ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту қашан да күн тәртібінде. Бұл ретте қолға алынған мәселенің бірі - ауылдық жерлерді мамандармен қамтамасыз ету. 2009 жылдан бастап мемлекет тарапынан ауылда тұруға және жұмыс жасауға келген әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Осы аталған бағдарлама бойынша өзіңіз де өткен жылы 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы көтерме ақы алдыңыз. Баспана мәселесіне келер болсақ, 2010 жылдан бастап тұрғын үй сатып алу үшін 630 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төменгі пайызбен несие беріледі. Осыған байланысты толық мәлімет алу үшін «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы, аудан әкімдігінің ғимараты, 103-кабинет, Алмагүл Толыбаева, тел: 466205, 466226) хабарласуыңыз керек. Құрметпен, Қырымбек Көшербаев