Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Азанова Артык 05.05.2010, Сұрақ нөмірі:
Маңғыстау облысының әкімі
Қ.Е.Көшербаев мырзаға
№3 орта мектептің мұғалімі
А.Азановадан
ӨТІНІШ
Осы өтінішімді бере отырып, төмендегідей жағдайымды білдіремін:
Мен, Азанова Артықбибі Ақтау қаласындағы №3 орта мектепте 1992 жылдан бері жұмыс жасаймын. Мамандығым мұғалім, еңбек өтілім – 30 жыл, 1981 жылдан бері кәсіподақ мүшесімін. 2000 жылы пәтер алу жөніндегі Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты кәсіподақ ұйымына құжаттарымды тапсырдым. Күні бүгінге дейін пәтерсізбін, пәтер сатып алуға әлеуметтік жағдайымыз көтермейді. Әкем – Ұлы Отан соғысының мүгедегі, ал өзім бала кезден мүгедекпін, денсаулығым күннен – күнге нашарлап келеді. Автобусқа әрең мініп, түсемін.
Мен бала кезден ІІ – топ мүгедегімін, бірақ ІІ - топтағы мүгедектігін алсаңыз, «жұмысқа жарамсыз», - деп береміз деген соң, ІІІ – топ мүгедектігін сұрап алдым, себебі: «әрі пәтер жоқ, әрі жұмысым болмаса – мені кім асырайды» - деген оймен.
Пәтер алу жөніндегі берген арызымды қаағаттандыруды сұрап бірнеше рет бардым, бірақ ешқандай нәтиже болмайды.
Менің бір түсінбейтін жағдайым пәтер алудағы кезегім жылжымайды. Кезегімді білуге бірнеше жерге хат жолдағанмын. Қала әкімшілігінен мынадай жауап алдым.
1) 09.01.2004 жыл пәтер алу тізімінің кезегінде тіркелмегенсіз.
2) 10.03.2006 жыл Сіз халықтық әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарға
жатпайсыз, кәсіподақ ұйымының төрайымына арыз беруіңізге болады.
3) 24.10.2009 жыл №47 кезекте тұрсыз.
4) 11.03.2009 жыл №50 кезекте тұрсыз.
5) 05.06.2009 жыл №52 кезекте тұрсыз.
6) 8 пәтер бөлінгеннен кейін.
7) 24.12.2009 жыл №50 кезекте тұрсыз деген.
Менің кезегім кейін шегініп бара жатыр. Меннен кейінгі кезекте тұрғандар пәтер
алып жатыр. Пәтер алу кезегіне тізімге тіркеу 1999 жыл болған жоқ. Ал, менің алдымда кезекте тұрғандар және пәтер алғандар 1999 жылдан бері тіркелген деп көрсетілген. Ол дұрыс емес. Мен оған келіспеймін, бұл шындық па? Ақиқат қайда? Ақиқатты кімнен табамын.Тепсе темір үзетін ұл-қыздары бар, 3-4 бөлмелі пәтерлер және саяжайда пәтерлері барларға пәтер беріп бізге өте мұқтаж (остро нуждающиеся) жандарға пәтер берілді деп көрсетілген. Күні кеше сәуір айында мұғалімдерге тағы 30 пәтердің кілті тапсырылған, бұл кісілердің барлығының да пәтерлері бар. Үйі бар кісілер үй ала береді де, үйсіз мүгедектер жалған кезекте тұра бермек пе?
Мен мұқтаж жандарға жататынымды қаперіңізге беремін.
1. Өзім бала кезден мүгедек.
2. Бюджет саласында 30 жыл өтілім.
3. ІІ топ Ұлы Отан соғысы ардагерінің баласы екендігім.
4. Көп балалы және егіз балалы жанұялар тобына.
5. 10 жылдан бері жылжымайтын кезекте тұрғандығым.
Ұлы Отан соғысы мүгедегі, егіз бала отбасылар, мүгедектік топтағылар әлеуметтік
қорғау тобына жатады, сондықтан мен өмір сүріп отырған отбасымыз осындай қорғалуға тиіс отбасы деп ойлаймын.
Мүгедектігімді, 30 жыл өтілімді, Ұлы Отан соғысының ардагерінің баласы екендігімді ескеріп пәтер беруге көмектесуіңізді өтінемін.
-Сіздің қабылдауыңызға кіруге бола ма?
-Азанова А.
04.05.2010 ж.
М/ж: 15-54-74 Ү/тел: 42-22-08 Ж/т: 50-71-79
Администратор 20.05.2010
Құрметті Артықбибі! Мен Сіздің мәселеңіз бойынша қалалық әкімдіктен жауап талап еткен болатынмын. Соның нәтижесінде білгенім, Сіз бұдан бұрын «Нұр Отан» ХДП және облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Тәртіптік кеңеске арызданған екенсіз. Осы арызға байланысты жұмыс орныңыз бойынша, яғни қалалық оқу бөлімі кәсіподақ ұйымы мұғалімдерінің пәтер алу және жақсарту жөнінде жасақталған тізім кезектері толық тексеріліп, жазбаша түрде заңға сәйкес жауап қайтарылған. Әкеңіздің Ұлы Жеңіске қол жеткізудегі ерлігі мен еңбегі өлшеусіз. Ардагерлер алдында қашанда борыштармыз. Әкеңіз қалалық әкімдіктен кезектен тыс 2 бөлмелі пәтер алып, егіз балалы інісімен бірге тұрады екен. Бұл отбасына аталған пәтердің тарлық ететіні түсінікті. Ардагер үйін кеңейту мәселесі қала әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясында талқыланып, жалпы тізім кезегіне тіркеуге шешім қабылданған. 1995 жылы Жеңістің 55 жылдық мерекесі қарсаңында Ақтау қаласы әкімдігіндегі тізімде тұрған ҰОС ардагерлеріне бір бөлмелі пәтер сатып алу үшін 120 мың теңгеден ақшалай қаражат бөлініп берілді. Себебі, ол кезде мемлекеттік тұрғын үй құрылысын салу уақытша тоқтатылған болатын. Демек, отбасына тұрғын үй мәселесі жөніндегі жеңілдіктерінің барлығы да қарастырылып, көмек көрсетілген. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, пәтер алу кезегіне тіркелу үшін халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына жататын азаматтардың 11 санаты, оның ішінде I және II топтағы мүгедектер қаралған. Яғни, Сіз 2000 жылы ІІІ топ мүгедегі ретінде қалалық әкімдік жанындағы тізімге тіркеле алмайтындықтан, жұмыс орныңыз бойынша кезекке тұрғансыз. Ақтау қалалық оқу бөлімі мұғалімдері кәсіподақ ұйымының тізімінде 11.05.1987 жылдан бастап 20.09.1999 жылға дейін арыз берген мұғалімдер кезекте тұрған, осыдан кейін 03.01.2000 жылы арыз берген мұғалімдердің кезегі тіркелген.