Солтүстік-Қазақстан облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 24 қыркүйектегі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.

2010 жылғы 24 құркүйекте Елбасының сол жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық Жаңа экономикалық көтеріліс Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауының жүзеге асыру барысы атты тақырыбына Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарының қатысумен облыс әкімі Серік Сұлтанғазыұлы Билялов өткізетін интернет-конференциясы. Сол жылдың 28 құркүйегінде «электронды үкімет» Порталында сұрақтарға бүкіл жауаптар жариялынады.

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 23
  • 24.09.2010
  • 24.09.2010
  • Акимат Северо-Казахстанской области

Талғат 24.09.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Серік Сұлтанғазыұлы! Қай кезеңде болсын құрылыс елді дамытудың, көркейтудің жарқын нышаны болды. Мемлекеттік, өңірлік деңгейлерде тұрғын үй құрылысының бағдарламалары қалай орындалуда. Енді бірнеше жылдан кейін облыс орталығы қандай болады деп шамалайсыз? рахмет

Администратор 28.09.2010

Тұрғын үй құрылысын дамытуда қалың бұқара топтың тұрғын үйге қол жетімділігін артыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылы енгізілуге жоспарланған тұрғын үй 103,3 мың ш. метр тұрғын үйді құрайды. Несиелік қаражат есебінен Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимка а. 12 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, ағымдағы жылдың 4 тоқсанында Петропавл қ. 3 үйдің (215 пәтер) құрылысы аяқталатын болады. «Нұрлы Көш» бағдарламасы аясында Қызылжар ауданының Элитное а. «Бәйтерек» мөлтек ауданында оралмандарға арналған 140 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қоса ағымдағы жылдың 4 тоқсанында Петропавл қ. 3 тұрғын үй (342 пәтер) және Айыртау ауданының Саумалкөл а. 78 пәтерлі тұрғын үй берілетін болады. Жергілікті бюджеттің қаражат есебінен Петропавл қ. 2 тұрғын үй (182 пәтер) пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысының өсу қарқыны келесі жылы да сақталатын болады.