Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Айтманова Тилектес 26.04.2010, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қырымбек Елеуұлы!
Сізге халыққа осындай мүмкіндік беріп отырғаныңызға алғыс айта отырып, сауалымды жолдап отырмын. Мен, Айтманова Тілектес, үстіміздегі жылдың Елбасымыздың «Балапан» бағдарламасы бойынша шағын кәсіпкерлік ретінде балабақша салу мәселесі бойынша хабарласып отырмын. Өзім Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр елді мекенінің тұрғынымын. Мамандығым бойынша экологпын, жасым 28-де, жолдасым мұнайшы болып жұмыс істейді. Бұл - кәсіпкерлікке алғашқы қадамымыз.
Сауалым қаржы мәселесіне байланысты болып отыр, яғни несие мәселесі қалай болатыны туралы және жеңілдік пайыздар қарастырыла ма сол туралы білгім келеді. Рахмет.
Құрметпен : Айтманова Т.
26.04.2010 жыл
Администратор 06.05.2010
Сәлеметсіз бе, Тілектес! Биыл өзіңіз естіп-біліп отырғандай, Елбасының тапсырмасымен «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бүлдіршіндерімізді мектепке дейінгі біліммен қамту көлемін арттыру мақсатында мемлекеттік қана емес, жеке меншік балабақшаларға да қолдау көрсету мүмкіндігі туып отыр. Шыны керек, жағымды жаңалықтан хабардар болып, уақытлы іске кірісуге ниет білдірген азаматтық белсенділігіңіз қуантады. Мемлекеттік тапсырыс есебінен балабақша ұстауға жылына әрбір тәрбиеленушіге 130 мың теңге беріледі. Бұл егер Сіз дайын ғимаратта мектепке дейінгі шағын орталық ашамын десеңіз. Құрылысы жүзеге асырылатын балабақшаларда облыс бойынша 1 баланың орны шамамен 1500 мың теңгені құрайды. Яғни, 100 орындық балабақша салу үшін Сізге 150 млн. теңге қажет болады. Сондықтан, Сізге бизнес-жоба дайындап, екінші деңгейлі банктерге хабарласу керек. Құрметпен, Қырымбек Көшербаев