Павлодар облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді
2010 жылғы 15-ші қазан күні Павлодар облысының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 26
- Жауаптар: 21
- 15.10.2010
- 15.10.2010
- Павлодар облысы Әкімдігі
Утепова Икар 15.10.2010, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы сізбен портал арқылы тілдесіп отырғаныма өте қуаныштымын.Сізге қояр сұрағым,Қазақстан шын мәнінде экономикалық жағынан өрлеп жатыр деп есептейсізбе?Қазақстанның орлеуі тек қалалық аймақтарда ғана деген ойлар туындамайма?Яғни,сұрағым келіп отырғаны ,ауылдық жерлер қаншалықты экономикалық жағынан өрлеп келе жатқандығы.Рахмет
Администратор 15.10.2010
Бүгінгі күні еліміздің жетістіктері мен зор әлеуетін ескерер болсақ, Қазақстанның өрлеу жолы жыл сайын жанданып отырғанына анық көз жеткізе аламыз. Еліміздің өрлеу жолы - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған «Жаңа он жылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айқын көрсетілген. Ал нақты Павлодар облысындағы ауылдық жерлерде экономикалық өрлеу қаншалықты деген мәселеге келер болсақ, оң өзгерістерді байқауға әбден болады. Қазіргі күні облыстағы аудандардың шалғай ауылдарын аралап, тұрғындармен жүздесіп, барлық жағдайды өз көзіммен көріп жүрмін. Жұмыс сапары барысында ауыл тұрғындары көптеген мәселелер көтеруде. Бірақ, мұнымен қатар ауыл өмірін жақсарту үшін тиісті жұмыстар да атқарылуда. Мәселен, соңғы жылдардағы «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес ауылдық жерлерде көптеген мектептер, мәдениет ошақтары, балабақшалар мен ауруханалар ашылуда және қалпына келтірілуіде. Сондай-ақ әр ауылда дәріханалар ашу мәселесі де шешілуде. Осы тұрғыдан алғанда, экономикалық өрлеу тек қалалық жерлерде ғана емес, ауылдық жерлерде де серпінді жүзеге асуда. Мұның барлығы да ауылдық жерлердің экономикалық өрлеу жолындағы айқын көрінісі.