Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Шуакова Камшат Есенқызы 04.05.2010, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қырымбек аға!
Мен, Шуакова Камшат Есенқызы, 1981 жылы туылғанмын. Отбасымда жолдасым, екі балам бар жас жанұямын.
Еңбек жолымды 2002 жылы жоғары оқу орнын бітірген соң өз туған жерім Бейнеу аудандық қаржы бөлімінде заңгер, Бейнеу ауданы әкімі аппаратында бас маман қызметтерінен бастап, 2004 жылы Ақтау қаласына тұрмысқа шыққан соң, осы жылы Маңғыстау облыстық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы департаментінде жетекші маман болып қызмет істеймін. Қазіргі таңда бұл департамент Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы болып ауысты. Сонда кадр ісі жөніндегі бас маман қызметін атқарып жатырмын.
Мемлекеттік қызметте азда болса 6 жыл жарымдай еңбек өтілімім бар. 2005 жылы тұрғын үй туралы бағдарлама қабылданған уақытта мемлекеттік бағдарлама бойынша басқарманың атынан Ақтау қаласы әкімдігіне тұрғын үйге кезекке тұрғанмын. 2006 жылы 22 қарашада жер кезегіне мемлекеттік қызметкер атынан кезекке тұрғанмын. Бірақ белгісіз себептерден не жазылған арызға мемлекеттік қызметкер деп тіркеген анықтаманың жоғалуына байланысты жалпы кезекке тіркеген. 2009 жылы қайта осы туралы Ақтау қаласы әкіміне хат жазғанымда өзгеріс енгіземіз деген бірақ ол тек сөз жүзінде айтылған екен. Жер кезегіне 2009 жылы жазған арызым бойынша сол күнмен тіркеген. Неге деген сұраққа 2006 жылғы кезекпен тіркесек тізім кезегі бұзылады сененде басқа адамдар бар олардың кезегін өзгерте алмаймыз деп жауап береді. Менің үздіксіз 2004 жылдан бері мемлекеттік қызметте істегенім қайда сонда? Қазіргі таңда басқармада тұрғын үй кезегінде бірінші болып тұрмын. Басқа барар жерім басар тауым да жоқ, алға деген мақсатымда азайып бара жатыр. Сізге осы хатымды жаным қиналғандықтан үміттеніп жолдап отырмын. Себебі жас жанұя, жас қызметкер болғандығымыздан үй сатып алуға шамамыз келер емес, оның үстіне ай сайын 45000 мыңға үй жалдап тұрамыз. Екі балам балабақшада өзімнің алар еңбек ақым сол үйдің ақшасына да жетпейді. 2010 жылдан бастап берілетін құрылысы біткен жалдамалы 100 үйден біздің басқармаға үй бөлінбеген.
Аға! Сізден өтініп сұрарым құрылысы бітіп мемлекеттік қызметкерлерге берілейін деп жатырған жалдамалық үйден үй алуға көмек беруіңізді сұраймын.
Елбасымыздың ел халқына жолдаған Жолдауындағы алдағы онжылдықтағы атқарылатын істердің халық ойлағанынанда асып түсетініне сенімдімін!
Сізге, мемлекетіміздің, қазақ халқының, болашағы жастардың қамын ойлап, тынбай қызмет етіп жатырған еңбегіңізге Алланың нұры жаусын! Деніңіз сау, ел-жұртымыз аман болсын!
Көңіл бөлгеніңіз үшін жанұям атынан шын жүрегіммен рақмет!
04.05.2010ж
Шуакова Камшат Есенқызы
Администратор 20.05.2010
Айналайын Кәмшат! Алдымен, өзіңе қазақтың білімді жастарының қатарын толтырып, жоғары білім алып, туған жеріңнің игілігі үшін қызмет етіп жүргеніңе ризашылығымды білдіремін. «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді. Демографиялық саясаттан да тыс қалмай, қызметін де қоса алып жүру - ерлік. Жұмысың жемісті, отбасың құт-берекелі болсын! Енді мәселеңе келетін болсақ, 2005 жылы Маңғыстау облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының атынан Ақтау қалалық әкімдігіне кепілдеме жіберілген екен. Алайда, мемлекеттік бағдарламаның ережесіне сәйкес пәтер алу үшін әр үміткер жеке арыз жазып, тізбеге сәйкес барлық құжаттарын тіркеп тапсыруы тиіс. Өкінішке орай, 2005 жылы арыз берген үміткерлердің тіркеу кітабы тексерілгенде, өзіңнің арыз тапсырмағаның анықталған. Қазақстан Республикасы Президентінің 20.08.2007 жылғы №383 Жарлығымен 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 31.07.2009 жылы мемлекеттік қызметкер ретінде өз атыңнан берген арызың құжаттарыңмен бірге №523 болып тіркелген. Қазіргі кезде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып тапсыруға дайын тұрған 78 пәтерлік тұрғын үйді бөлу үшін 1162 үміткердің арызы уәкілетті орган комиссиясында қаралып жатыр. Қабылданған шешім туралы ақпарат тұрғын үй комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін қосымша хабарланады.