Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Журналист 26.03.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сертификаттардың бар болуына бақылау жасау түптеп келгенде кішігірім дүкендер сатушыларының құзырында. Өйткені, оларда тауарлар түр-түрімен болуы, сонымен қатар орташа алғанда 50 сертификатқа ие болуы тиіс, олар сертификаттарды Алматы базарларында 50 мың теңгеге сатып алады. Көтерме саудагерлер әкелетін тауарларды сертификаттауды қатаң бақылау және Қазақстанға әкелінген сертификатталған тауарлардың электрондық дерекқорын құру қажет деп есептейміз?

Администратор 27.07.2008

Қазіргі таңда Техникалық реттеу және метрология комитеті берілген сәйкестік сертификаттарының мемлекеттік тізілімін, оларды есепке алуды және талдауды сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Биылғы жылы Қазақстанның барлық азаматтары үшін сертификаттар туралы кез келген ақпаратты алуға арналған «Мемлекеттік сәйкестік сертификаттары» атты автоматтандырылған ақпараттық жүйені Интернетке шығарылып, оларды іске қосуды жүргізу жоспарланып отыр. Шағын дүкендерге арналған сертификаттарға қатысты аталған жағдай үшін босату бағасы 18 теңгені құрайтын сертификаттар көшірмелерінің бекітілген нысаны бар екендігін хабарлаймыз.