 «9 маусым күні Жамбыл облысының әкімі Қ.А.Бозымбаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының өңірде іске асырылуы бойынша интернет-конференция

«9 маусым күні Жамбыл облысының әкімі Қ.А.Бозымбаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының өңірде іске асырылуы бойынша интернет-конференция

  • Сұрақтар: 17
  • Жауаптар: 16
  • 09.06.2010
  • 10.06.2010
  • Жамбыл облысының әкімдігі

Бабахан 09.06.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Тараз қаласының кейбір үйлерінің аулалары жөнделіп, балалар ойнайтын алаңшалар ашылып жатыр деп естіп жүрміз, барлық аулалар жаңартыла ма?

Администратор 09.06.2010

2010 жылдың 27 мамырдағы Тараз қаласы әкімдігінің қаулысымен «2010-2014 жылдарға арналған Тараз қаласында аула алаңдарын көріктендіру жөніндегі бағдарламасы» қабылданды. Қазіргі таңда бұл бағдарлама қалалық мәслихаттың бекітілуіне ұсынылды. Аталған бағдарлама бекітілгеннен кейін, қаржы бөлінуіне байланысты, 2014 жылдың аяғына дейін қаладағы барлық көпқабатты үйлердің алаңдары толығымен жаңартылады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Жасыл ел» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен қала бойынша 65 аула алаңдарын көріктендіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде, бүгінгі күнге 7 аула алаңдары толығымен көріктендірілді. Ал, 46 аула алаңдары демеушілерге ұсынылып, бұл жұмыстар басталып кетті. Ол алаңдарды көріктендіру жұмыстарына ішкі жолдарды асфальттау, бордюрлер мен поребрикаларды жаңалау, балалар ойын құралдарын жабдықтау қарастырылған.