Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының міндеттерін іске асыру туралы» тақырыбындағы Интернет-конференциясы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде «Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының міндеттерін іске асыру туралы» тақарыбында Интернет-конференция өткізеді. Сұрақтар 12 қараша күні сағат 9.00-ден бастап 13 қараша күні сағат 10.00-ге дейін қабылданады. Интернет-конференцияға келіп түскен сұрақтардың жауаптары 2010 жылғы 18 қараша күні жарияланады.
- Сұрақтар: 24
- Жауаптар: 24
- 12.11.2010
- 13.11.2010
- Барлық сұрақтар Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне
Султанғазин Қапар 12.11.2010, Сұрақ нөмірі:
Облыстағы құс етін өндірудегі ірі кәсіпорындардың бірі "Өскемен құс фабрикасы" акционерлік қоғамы. Индустриялдық - инновациялық бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?
Администратор 13.11.2010
Үстіміздегі жылы Өскемен құс фабрикасының өндіріс көлемін ұлғайтуға және құрал-жабдықтарын жаңартуға мемлекеттік қаржыландыру институтынан 2,5 млрд. тенге қаржы бөлінді. Соның нәтижесінде биылғы жылдың өзінде өнім өндіру көлемі 2 мың тоннаға артты.Болашақта жобаның толықтай игерілуі нәтижесінде жыл сайын өнім өндіру 20 мың тоннаға ұлғаяды. Яғни құс етін өндіру 2,5 есеге артады.