Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының міндеттерін іске асыру туралы» тақырыбындағы Интернет-конференциясы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде «Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының міндеттерін іске асыру туралы» тақарыбында Интернет-конференция өткізеді. Сұрақтар 12 қараша күні сағат 9.00-ден бастап 13 қараша күні сағат 10.00-ге дейін қабылданады. Интернет-конференцияға келіп түскен сұрақтардың жауаптары 2010 жылғы 18 қараша күні жарияланады.
- Сұрақтар: 24
- Жауаптар: 24
- 12.11.2010
- 13.11.2010
- Барлық сұрақтар Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне
Аслан Бекенұлы 13.11.2010, Сұрақ нөмірі:
Ағымдағы жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында қаржы жақсы бөлінді. Соның нәтижесінде мен айына 45,0 мың теңгеге дейін ақша қаратып, жас отбасымыздың бюджетіне қомақты қаражат құйдым.
Осы «Жол картасы» бойынша жұмыстар келесі жылы жалғаса ма?
Администратор 13.11.2010
Облыста әлеуметтік сала бойынша нысандарды жөндеу, елді мекендерді абаттантыруға бұл бағдарламаның өте тиімді екенін ескере отырып, келесі жылы ды бұл жобаны жалғастыратын боламыз. Аудан әкімдерінің ұсынған жобаларына сәйкес, 50 пайызы облыстық бюджеттен, 50 пайызы аудандық бюджеттен қаржыландырылып, жалғасатын болады. Жалақы мөлшері 35,0 теңгеден кем болмайды.