ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" АТТЫ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ БОЙЫНША АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облыстық әкімдігі "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" атты ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар ағымдағы жылғы 26 наурызда "электрондық үкімет" порталында жарияланатын болады.

  • Сұрақтар: 26
  • Жауаптар: 26
  • 16.03.2010
  • 26.03.2010
  • Акимат Алматинской области

Қалиасқар Олжас ҚАСЕНҰЛЫ 30.03.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Елбасының биылғы халыққа Жолдауында үстіміздегі жылы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бюджеттен 65 мың теңге мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төленетіні туралы айтылды. Облыстық бюджет тарапынан қандай көмек көрсетіледі?

Администратор 31.03.2010

Облыста Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен соғыс мүгедектеріне де ерекше назар аударылып отыр. Ағымдағы жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай облыстағы бір мың екі жүзден астам соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне облыстық бюджет есебінен 50 мың теңге мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төленетін болады, осы шараға 60,1 млн.теңге қарастырылды.