ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" АТТЫ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ БОЙЫНША АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облыстық әкімдігі "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" атты ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар ағымдағы жылғы 26 наурызда "электрондық үкімет" порталында жарияланатын болады.

  • Сұрақтар: 26
  • Жауаптар: 26
  • 16.03.2010
  • 26.03.2010
  • Акимат Алматинской области

С. РАХЫМОВ. 30.03.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Өткен жылы “Жол картасы” аясында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары салаларында көптеген жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, ҚР Президенті 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында «Жол картасы 2009» бағдарламасы 2010 жылы жалғаса¬тын¬дығын атап өтті. Аталған салалар бойынша қандай шаралар қабылдап отырсыздар?

Администратор 31.03.2010

“Жол картасы” бағдарламасы 2010 жылы да жалғасын тауып отыр. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары салаларын дамыту мен жөндеу жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджет есебінен 7 млрд. 951,4 млн. теңге жоспарлап отырмыз, оның ішінде тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласына – 5 млрд. 525,7 млн.теңге, жолдарды жөндеуге – 2 млрд. 425,7 млн. теңге.