ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" АТТЫ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ БОЙЫНША АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облыстық әкімдігі "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" атты ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар ағымдағы жылғы 26 наурызда "электрондық үкімет" порталында жарияланатын болады.

  • Сұрақтар: 26
  • Жауаптар: 26
  • 16.03.2010
  • 26.03.2010
  • Акимат Алматинской области

М. ҚҰСАИНОВ. 30.03.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

ҚР Президенті Жолдауында «Ауылды жерлерді құбырлы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру қажет» деп атап өтті. Осы мәселе бойынша қандай шаралар қабылданды?

Администратор 31.03.2010

Иә, сұрағыңыз өте ауқымды. Ауылды жерлерді ауызсумен қамтамасыз ету біздің мақсатымыз. Ол үшін “Жол картасы” бағдарламасы бойынша 713,2 млн. теңге және ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық және жергілікті бюджет есебінен 2 млрд. 645,1 млн. теңге қаржы жоспарланды.