«9 маусым күні Жамбыл облысының әкімі Қ.А.Бозымбаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының өңірде іске асырылуы бойынша интернет-конференция
«9 маусым күні Жамбыл облысының әкімі Қ.А.Бозымбаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының өңірде іске асырылуы бойынша интернет-конференция
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 16
- 09.06.2010
- 10.06.2010
- Жамбыл облысының әкімдігі
Азимханов Дархан 09.06.2010, Сұрақ нөмірі:
Жамбыл облысының ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында тері комбинаты, жүн және ет, сүт комбинаттарын іске қосу бойынша қандай шаралар жүргізілуде?
Администратор 09.06.2010
Ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 25 қарашадағы № 1085 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкінің және қаржы рыногіндегі экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыруды бақылау және реттеу Агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына сәйкес, «КазАгро» ҰБХ» АҚ-ның қаржыландыратын негізгі 11 басымдылық бағыты айқындалған: «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы 6 бағыт: 1. сүт-тауарлы фермаларын құру; 2. құс фабрикаларын құру; 3. жылыжай құрылысы; 4. тамшылап суару технологиясын енгізу; 5. көкөніс сақтайтын қоймаларды салу; 6. ауыл шаруашылығы техникаларын жинақтау. «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ арқылы 5 бағыт: 1. мал бордақылау алаңдарын құру; 2. ет қайта өңдеу кешендерін құру; 3. мал сою алаңдарын құру; 4. биязы жүн шаруашылығын дамыту; 5. биязы жүнді қайта өңдеу. Осы басымдылык бағыттардың негізінде облысымызда бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, атап айтқанда: 1. «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС «Биязы жүнді қайта өңдеуді ұйымдастыру» инвестициялық жобасын жүзеге асыруда; 2. «Қазақ ет компаниясы «Оңтүстік» ЖШС 7000 бас МІҚ малын бордақылайтын кешен құру жобасын іске асыруда. Сонымен қатар тері өңдеу өндірісі басым бағыттардың тізілімінде болмағанымен, облысымыздағы инвестициялық жобалардың тізіліміне енгізілген «ТаразБылғарыАяқ-киім» ЖШС-нің базасында «Балаларға арналған әр-түрлі аяқ-киімдер шығару» жобасын іске асыруға қолдау көрсетілуде. Жоғарыда аталған басым бағыттардың жүзеге асырылуы туралы үнемі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрады.