«9 маусым күні Жамбыл облысының әкімі Қ.А.Бозымбаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының өңірде іске асырылуы бойынша интернет-конференция
«9 маусым күні Жамбыл облысының әкімі Қ.А.Бозымбаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының өңірде іске асырылуы бойынша интернет-конференция
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 16
- 09.06.2010
- 10.06.2010
- Жамбыл облысының әкімдігі
Алпысбаев Еркін Мұхаметжанович 09.06.2010, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қ.А. Бозымбаев менің сұрағым: Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша нақтырақ айтқанда балаларға арнап «Балалар наркотикке және зиянды нәрселерге қарсы» лейтмотивіне айналатын тақырыпта мультфильм менің тобым шығара алады. Ең басты мақсат балалар арасында зиянды әрекетерге қарсы қойдыратын, тәрбиелейтін жаңа персонаждар шығару. Бірақ жоғарыда бұл мәселені қолдай алмайды өйткені ойлауға уақыт жоқ па алде қаражат жоқпа түсініксіз? Жоба көп қаражатты талап етпейді, бастысы тәрбиелі, денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу! Барлық талап етілетін пакет дайын, тек механизмді қозғалту керек. Осы жобаны сіздің көмегінізбен іске асыруға мүмкіндік барма?
Администратор 09.06.2010
2010 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алуда әлеуметтік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру» және «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу» жобалары іске асырылуда. Аталған жобаларға сәйкес жастардың қоғамдық бірлестіктері мен атқарушы орган өкілдері, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, денсаулық сақтау қызметкерлерінің қатысуымен семинар-тренингтер, «дөңгелек үстел» отырыстары, акциялар, жастармен кездесулер және телефон арқылы консультациялық қызметтер тұрақты өткізілуде және арнайы бейнероликтер түсірілуде. Сіздің ұсынысыңыз бойынша облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығына» немесе жоғарыдағы жобаларды іске асырушы облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына хабарласуыңызға болады.