ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ

Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.

  • Сұрақтар: 1531
  • Жауаптар: 45
  • 16.02.2009
  • 31.12.2010
  • ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі

Қудратжан Абдусаметов 25.02.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министірлігіне О.Қ.О Түркістан қаласы Ескі Иқан ауылы 9 май көшесі № 8 үйдің тұрғыны Қудратжан Абдусаметовтан. Арыз Менің арыз беру себебім,мен ҚР-ның президентіне,Бас прокуратураға субсидия туралы арыз жазған болатынмын.Арызыма Түркістан қаласы әкімінің міндетін атқарушысы Ә.Өсербаев мырзаның берген жауабына мен қанықпадым,ол өз жауабында Қазақстан Республикасы ұкіметінің 2-ақпан 2009жылғы №98 қауылысымен бекітілген ереженің ІІ-тармағынан 7-тармақшасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бюджеттік субсидияні алу үшін ағымдағы жылдың (2009 жыл) 1-мауысымына дейін ВАК-қа тиісті құжаттармен қоса өтініш беру керектігін айтқан және сіз біріншіден ведомост комиссияға көрсетілген мерзімде өтініш бермегенсіз,екіншіден 2009 жылдың 25-мауысымына дейін сіздің атыңызда суармалы жер тіркелмеген,сіз 14,996 гектар жердің мемлекеттік актісін кадастрлық номері 19-307-067-249 санды мемлекеттік актісін 2009 жылдың 25-мауысымда алғансыз деп көрсетілген. Бұның себебтері төмендегінше: 1.Менің арызым туралы ешкім келіп бауымды көргені жоқ,өздері сол жақта отырып алып аузына келгенін жазып жіберген (бізде қарға-қарғаның көзін шоқымайды)деген мақал бар.Сол мақалға сүйене отырып сол шешімге келген.Өйіткені мен бірінші рет жазған арызымда әкімшіліктегі мамандар субсидия алу үшін пара(взятка) беру керектігін менден ауыл шаруашылық маманы Мусаев Болат мырза үлес(долия)сұрағаны туралы жазғанмын бірақ ешкім келіп ол туралы мені Болат мырзамен екеуімізді кездестіріп беттестіргеніде жоқ мен содан риза болған жоқпын.Менің атыма Түркістан қаласы әкімінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі №665 санды шешім негізінде 14,996 гектар суармалы егісті к жер улесге берілген болатын.Мен ол жеріме 2001 жылы 26 қыркүйекте кадастрлық нөмірі (код) 19-307-067-249 санды жер участкесін жалға беру туралы шарт алғанмын.2007 жылы сол шартты Югхлопкопром Ж.Ш.С ге залогға қойып ақша алып жеріме мақта еккен болатынмын.Сол жылы мақтаның бағасы төмен болып,мен Югхлопкопромдан алған ақшамды қайтаралмадым.Сондықтан келесі жылы 3,0 гектар жеріме жүзімдік егіп субсидия алдық.Оңтүстік Қазақстан газетінің 29-қаңтар 2009 жыл №13 санында «Қаз Мақта» Ж.Ш.С нің сенімді өкілі кепілде тұрған Түркістан аумағындағы жер участкелерін саудаға шығарып сатады деп жазылған мақаласын көріп қалып,мен барып 13 ақпан күні сағат 11-00 де өткен саудаға қатысып өз үлес жерімдің құжаттарын 200000 тенгеге сатып алғанмын.Мен 2009 жылғы еккен 4,5 гектар жеміс дақылыма 13 ақпан 2009 жылғы жылжимайтын мүлікті сауда-сатықта сатып алғандығы туралы №247 санды куәлікпен №19-307-067-249 санды жер участкесін жалға беру туралы шартпен бірге құжаттарын қосып ауыл әкімшілігін маманы Мусаев Болат мырзаға сәуір айында толық өткізгенмін.Ол 15-мауысым күні мені әкімшілікке шақырып,жалға беру туралы шартты,уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беретін актіге ауыстыру керектігін айтты.Мен барып он күн ішінде ауыстырып актіне алып келіп қайта тапсырдым.Сол кезде маған Болат мырза,көктемдегі субсидияның уақаты өтіп кетті,енді сенің құжаттарың күз айында берілетін субсидияға өткізіп беремін деп айтты.Мен сол сөзіне сеніп жүрдім.Кейін білсем ол менің жұзімімдің субсидиясын алған кезімде менен үлес (взятка) сұраған болатын,мен оған бір тиында бермегенмін.Міне сондықтан да менің жеміс дақылдарын еккен 4,5 гектар жерімдің құжаттарын субсидияға өткізбей сақтап жүрген. Біздің Оңтүстік Қазақстан Облысында әсіресе Түркістан қаласында жемқорлық өте күшті.Өйіткені біздің ауылдың жұзім және жеміс дақылдарын еккен шаруа қожалықтарының ішінде мен сияқты жұзімі және жеміс дақылдары жақсы өсіп,көкеріп бірақ,кей бір парақор (взяточник) шиновниктердің кесірінен субсидия алалмай жүрген азаматтар жеткілікті,бірақ бірде-бір жеміс екпесі көкермей құрып жатып, сол шиновниктерге үлес (доля) беріп субсидиясын алған қожалықтар жеткілікті.Сондықтан да Ауыл шаруашылық министірлігінен ақшаға жүз ұрмайтын,әділ,әқиқатты жүзеге шығаратын азаматты жіберіп,біздегі болып жатқан былықпаның шешімін дұрыс қабылдап,әділдікпен жеміс дақылдарын көріп,кімге беріліп,кімге берілмейтінін анықтап беретін адам жіберуіңіздің сұранамын. Арыз иесі: Қ.Абдусаметов Сот.тел: +7-701-253-85-84 +7-702-306-46-09