Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халықына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымдылық бағыттарының жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы

Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халықына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымдылық бағыттарының жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы http://ontustik.gov.kz/

  • Сұрақтар: 15
  • Жауаптар: 0
  • 14.02.2011
  • 16.02.2011
  • Акимат Южно-Казахстанской области

Нұрсәт 31.03.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Асқар Исабекұлы Біздің сізге сұрағымыз мына төмендегідей: Біз Нұрсәт мөлтекауданындағы 201,202,203,204 лего үйлерінің 4 қабытында тұратын тұрғындарымыз.Осы үйлердің қолданысқа берілгеніне әлі 2 жыл толығымен бола қойған жоқ. Біздің мәселеміз үйлеріміз қыстың күні жылу жақсы берілгенімен өте суық, өйткені осы аталған легоүйлердің шатырына басқа осы мөлтекаудандағы үйлердің щатырына төселінгендей (өзінің ережесіне сәйкес) керамзит төселмеген яғыни тасталынбаған, осының салдарынан қыстың күні үйдің төбесі (потолог) когеріп кетіп жатыр ал жаздың күні осы 4 қабаттағы пәтерлер өте ыстық болып кетеді. Осы мәселені өз бетімізше неге бұлай деп қарастырып көрсек жоғарыда аталған керамзит материалы біздің үйлердің шатырына төселмеген. Неге деген сұраққа жауап іздеп үйдің құрылысымен айналысқан компанияға хабарластық олар өздерін алып қашып жауап беруден бас тартуда. Кезінде Шымкент қалалық тұрғын үй бөлімі осы аталған легоүйлердің шаршы метрін төменгі қабаттарын 56 600 ден ал 4 қабатын 63 300 теңгеден сатқан болатын. Неге деп сұрағанымызда строй материалдар қымбат болды деген жауап алғанбыз бұл адам сенгісіз нарсе емес пе? Ендігі жерде копшілігіміз жас отбасылармыз тапқан табысымыздың барлығын осы пәтерлеріміздің қаржысын өтеудеміз. Бірақ осы үйдін жоғарыда аталған сапасы бізді қынжылтады. Құрметті Асқар Исабекұлы үйіміздің төбесіне жоғарыда аталған керамзит материалының төселуіне ықпал етуіңізді сұранамыз және тұрғын үйдің 4 қабатының бағасын не үшін асырып сатқандығын зерттетіп бізге белгілі бір шешім қабылдауыңызды сұранамыз! Нұрсәт мөлтекауданының бір топ тұрғындары!