Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.

2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.

  • Сұрақтар: 29
  • Жауаптар: 29
  • 23.04.2010
  • 10.05.2010
  • Акимат Мангистауской области

Даулетбаева 07.05.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Кұрметті Қырымбек Елеуұлы! Менің мамандығым мұнай инженері, проектировщик. 12 жыл еңбек өтілім бар, НИПИ "CER" де қызмет еттім, 2006 жылы семья жағдайымен жұмыстан шығып кеттім (бір балам мүгедек), артынан барғанымда сокращения деп қызметке алмады. Енді 4 жылдай үйде отырып қалдым. Сізден өтінетінім заводқа немесе қаланың ішінен бір проектта жұмыс болсын, мамандығыма сәйкес жұмысқа орналастыруыңызды сұраймын. Алдын-ала көп-көп рахметімді жолдаймын!

Администратор 03.06.2010

Құрметті Даулетбаева ханым! Ағымдағы жылы 21 мамыр күні сағат 11:00-де Сіз облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына (обл. әкімдік ғимараты, 304-каб.) қабылдауға келіпсіз, өтінішіңізде айтылған мәселелерге қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құрметпен, Қырымбек Көшербаев