ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ

Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.

  • Сұрақтар: 1531
  • Жауаптар: 45
  • 16.02.2009
  • 31.12.2010
  • ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі

Мұқашев Наурзбек Николаевич 26.04.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 25 наурыз 2010 жылғы №3-3093/2010 саңды қаулысына сәйкес, мені Мұқашев Н.Н. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 467 бабы 1 бөлімімен кінәлі деп танып, 2 /екі/ жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды. Аталған сот қаулысы заңсыз шығарылған, объективті түрде зерттелмеген, сол себепті төменде көрсетілген мән жайлар бойынша қысқартылуға жатады: 02 наурыз 2010 жылы сағат 04-10-да жол полиция инспекторы Ж.Есенгалиев жасақтаған сериясы № 255196 саңды әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасында және іс құжаттарында оқиға болған жер Атырау қаласы Азаттық даңғылы бойында орналасқан «Атаба» шағын маркетінің алдында деп көрсеткен, алайда сот отырысында оқиға болған жер Атырау қаласы, А.Құнанбаева көшесі № 28 үйдің астында орналасқан «Атаба» шағын маркетінің алдында екені анықталды. Бұдан басқа, сот отырысында жоғарыда аталған № 255196 саңды әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы заңға сәйкес және қай жерде толтырылғаны анықталмай қалды, яғни сот отырысына куә ретінде сот тарапынан шақырылған автотұрақ қызметкері Р.Утеповтын сотқа берген түсініктемесінде автотұраққа МАИ полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірі Е604 СДМ автокөлігін өздері айдап алып келгенін және тапсыру актісін толтырғанын, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылмағанын айтып көрсетті. Яғни сот отырысында куә ретінде қатысқан және әкімшілік хаттаманы толтырған жол полиция инспекторы Ж.Есенғалиевтің сотқа берген түсініктемесі шындыққа сәйкес келмейді. Сонымен қатар, жолполиция инспекторы Ж.Есенғалиев сотта өзі мені, яғни Н. Мукашев- ті мемлекеттік нөмірі Е604 СДМ автокөлігін басқару үстінде емес «Атаба» шағын маркетіне, жаяу, бет алған кезде ұстағанын айтып көрсеткен болатын. Бұдан басқа, 2010 жылдың наурыз айының 02-сі күні сағат 03-55 те толтырылған № 1025 саңды алкогольдік масаю куәландыру медициналық қорытындысы заң талаптарын өрескел бұзылып жасақталған. Оған дәлел медициналық қортындысында маған тек медициналық анықтамаларда көрсетілген белгілерін жазып, орта дәрежедегі алкогольдік масаю күйінде екенің жазған, алайда сол кезде маған медициналық қортындысымен танысуға жол бермей, кейін заң талаптарын өрескел бұзып нарколог врач Г.Т.Дүйсегалиева өзінің қол астында жұмыс жасайтын А.Куангалиеваны және Б.Колбаеваны шақырып оларға айғақ ретінде менің үстіме толтырылған акт медициналық қортындысына қол қойдырған. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабының 1 бөлігінде куәгер - осы Кодексте көзделген жағдайларда, iстiң қорытындысына мүдделi емес, өзi қатысып тұрған кездегi iс-әрекеттердi толық және дұрыс ұғынуға қабiлеттi кәмелетке толған адам куәгер ретiнде тартылады. Медициналық қортындыны толтырар кезде маған ешқандай іс әрекет жасатқан жоқ /іс қимылдар, мысалы поза Роминга т.б./және Қазақстан Республикасында тіркелген арнайы құралдарды қолдануға берілген жоқ. Алайда, 2003 жылдың маусым айының 04-і күні № 528 саңды Қазақстан Республикасының қаулысы алкогольдік масаюды анықтауға куәландыруға жолдау, алкогольдік масаюды анықтау және оның нәтежесін рәсімдеу ережесінің 1 жалпы ережесінің 3 бөлігінде автокөлік, кеме жургізушілерін арнайы жүру құралынан шектетіп, алкогольдік масаю жағдайын куәландыруға лауазымды тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық орын алған жерде немесе арнайы медициналық орталығында алкогольдік масаюды анықтайтын арнайы құралдар мен жабдықтарды қолданып жургізіледі делінген. Бұдан басқа, 02 наурыз 2010 жылы жол полиция инспекторы Ж.Есенгалиев менім үстімнен бір оқиға бойынша екінші сериясы № 087389 саңды әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, яғни ҚР ӘҚБтК 467 бабы 1 бөлігі, ҚР ҚК 355 бабымен, тергеу құжаттарын жинақтап Атырау қалалық Ішкі Істер басқармасында арыздар тіркеу кітапшасына 03 наурыз 2010 жылы № 1207 саңымен тіркеліп, Атырау қалалық ішкі істер басқармасында қаралуда. Бұдан басқа, 02 наурыз 2010 жылы сағат 04-10-да жол полиция инспекторы Ж.Есенгалиев жасақтаған сериясы № 255196 саңды әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасында куәгер ретінде қатысқан Вьюрков Александр Павловичті және Казиев Бауыржан өздерінің Атырау қалалық Ішкі Істер басқармасының бастығының атына жазған түсініктемелеріне сәйкес олар мені Атырау қалалық Ішкі Істер басқармасының, яғни Атырау қаласы А.Молдагулова көшесі 247 мекен жайда 02 наурыз 2010 жылы сағат 09:30 шамасында көргенің, сол кезде мен хаттамаға қол қоюдан бастартқаны туралы жазбаша айтып көрсеткен, сериясы № 255196 саңды әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасында хаттама толтырылған орны Тайманова 1а мекен жайы және сағаты 04-10 деп көрсетілген, бұл бойынша түсініктеме көшірмелері бірінші инстанциядағы сот қарауында дәлелдеме ретінде табыс етілген болытын. Бұдан басқа, бірінші инстанциядағы сот отырысында куә ретінде жауапталған жол полиция инспекторы Ж.Есенгалиев мені ұстаған кезде мен ұсталған автокөліктен 5-6 метр қашықтықта, сол жерде орналасқан «Асылханым» дүкенінің алдынан «Атаба» шағын маркетіне қарай кетіп бара жатырғанымды, ол кезде маркасы ВАЗ-21010 мемлекеттік белгісі Е 604 СДМ автокөліктін ішінде ешкім болмағаның және автокөлік есіктері кілтеулі болғаның айтып көрсетті. Бұдан басқа, жол полиция инспекторы Ж.Есенгалиев түнгі кезекке шыққан кезде оған Балықшы поселкесі Құрсай ауылын қарау бұйырған, ол туралы бірінші инстанциядағы сот үстіне алып келген журнал көшірмесі дәлел болып келеді. Сот мәжілісі үстінде мен осы іс бойынша куәгер ретінде қатысқан Вьюрков Александр Павловичті және Казиев Бауыржанды сотқа куәгер ретінде жақыруды өтінген болатынмын, алайда менім өтініштерім қараусыз қалды. Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 25 наурыз 2010 жылғы №3-3093/2010 саңды қаулысында көрсетілмеген, яғни сотта айтылған және орын алған оқиғалар бір жақты қаралған. Осы мән жайларды айта отырып, сериясы № 255196 саңды әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы қаншалықты заңға сәйкес толтырылғанын және сотта әкімшілік іс материалын жан-жақты, толық қарау үшін, менің іс-қимылымда әкімшілік құқық бұзушылық бар жоғын анықтау үшін апелляциялық сотқа шағым берген болатынмын алайда онда да шешім өзгер!сс!з қалды. Сол себепті аталған оқиға бойынша процессуалдық құжаттардын заңды шығарылғандығын тексеруін сұраймын.