Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Тұрсынова Алуаш Маденқызы 05.05.2010, Сұрақ нөмірі:
Салеметсізбе! Қырымбек Елеуұлы! Мен Тұрсынова Алуаш Маденқызы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тұрғынымын. Сіздін халыққа осындай мүмкіндік беріп отырғаныңызға көп рахмет. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып сізге кояр сауалдарым бар еді. Менің анам Қонарова Ақбөкес 1999 жылы Түркменстаннан менің қолыма көшіп келді. Озі "Тыл Ардагері" 1999 жылдан бері сол кісіге ешқандай көмек көрсетілген жоқ, алатын зейнетақысы да көбеймейді. Осы кісіге қандай көмектеріңіз бар. Тағы бір сауалым, өзімнің 4 балам бар, кіші қызым Нұрбергенова Айнұр 2009 жылы Ш.Есенов атындағы колледжінің заң факультетін оқып дипломын алды, бірақ жұмыссыз. Қызыма жұмыс тауып бере аласызба? Өзімнің де жолдасымның да денсаулығымыз жоқ.
Администратор 21.05.2010
Құрметті Алуаш Маденқызы! Елбасының халыққа Жолдауында атап көрсетілгендей, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту, әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік қорғауды нығайту - мемлекеттік аса маңызды міндеттердің бірі. Азаматтардың жекелеген санаттары, оның ішінде тыл ардагерлері мен зейнеткерлер, бюджеттік міндетті, зейнетақы және жәрдемақы төлемдерімен, толық қамтылуда. Ақбөкес сияқты аналарымыздың сонау сұрапыл соғыс жылдары тылдағы ерен еңбегі әрдайым ел жадында, ұрпақ санасында сақталады. Сіздің өтінішіңіздің негізінде анаңызға уәкілетті орган тарапынан зейнетақы тағайындалуы жөніндегі құжаттар қаралды. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жасына байланысты зейнетақы тағайындауда әйел азаматтардың кемінде 20 жыл еңбек өтілі болуы тиіс. Алайда Сіздің анаңыздың еңбек өтілі 16 жылды ғана құрайды. Бұл «толық емес еңбек өтілі» болып белгіленді. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық филиалының мәліметі бойынша, анаңыз зейнеткер және тыл ардагері ретінде бүгінгі таңда барлығы 19135 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдермен қамтылған және аталған әлеуметтік көмектердің көлемі заңнамаларда белгіленген тәртіппен жыл сайын арттырылған. Бұл шаралар анаңыздың зейнетақы мөлшерінің қолданыстағы заңнамалар аясында тиісінше өсірілгендігін айғақтап, оның зейнетақысына қатысты алаңдаушылықтың негізсіз екендігін көрсетеді. Биылғы жылы айтулы тарихи дата - Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай соғыс ардагерлерін, оларға теңестірілгендерді, сондай-ақ тыл еңбеккерлерін де әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Сіздің анаңыз тыл ардагері ретінде республикалық бюджет есебінен 10 мың теңге көлемінде, облыс әкімдігінің ұйғаруымен жергілікті бюджет есебінен қосымша 10 мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмектермен қамтылды. Өзіңізге белгілі, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету - қазіргі таңда да әлеуметтік басты басымдықтардың бірі болып қала беруде.