Атырау облысы әкімшілігінің интернет-конференциясы

Атырау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 13
  • Жауаптар: 13
  • 20.07.2010
  • 22.07.2010
  • Атырау облысының әкімшілігі

Құсайнов Қайрат 20.07.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Миялы-Сағыз автомобиль жолын жөндеу қай жылы аяқталады деп күтілуде?

Администратор 21.07.2010

Құрметті Қайрат! 2009 жылы облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолының 3 шақырымы қайта жаңартылып, 2010 жылға 8 шақырымына жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған учаскелерін жаңарту жұмыстары 2011-2013 жылдар аралығына жоспарланған.