Атырау облысы әкімшілігінің интернет-конференциясы
Атырау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 13
- Жауаптар: 13
- 20.07.2010
- 22.07.2010
- Атырау облысының әкімшілігі
Роза 20.07.2010, Сұрақ нөмірі:
Жаңа жобалар бойынша субсидия қанша уақытқа беріледі және сол жағдайда кредиттің ең көп сомасы қанша?
Администратор 21.07.2010
Құрметті Роза! Жаңа жобалар бойынша субсидиялау мерзімі 1 (бір) жылдан 3 (үш) жылға дейін, кейіннен 10 (он) жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Бір кәсіпкер үшін субсидияланатын кредит сомасы бір жоба шеңберінде 3 млрд.теңгеден аспауы тиіс. Бұл жерде кредит сомасы, кәсіпкермен үлестес тұлғалар/компаниялардың кредиті бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Егер кредиттің/кәсіпкердің жеке жобасына берілген негізгі қарыз бойынша берешегінің жалпы сомасы 3 млрд.теңгеден асып кетсе, кәсіпкер субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауды 3 млрд.теңгелік бір жобасына ғана алуға құқылы.