Атырау облысы әкімшілігінің интернет-конференциясы
Атырау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 13
- Жауаптар: 13
- 20.07.2010
- 22.07.2010
- Атырау облысының әкімшілігі
Төлешев М 20.07.2010, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Сәулебайұлы! Қызылқоға ауданына табиғи газдың келуі халықтың әл-ауқатының артуы, аймақтағы экологиялық проблемалардың шешілуі деп білемін.
Өмірі табиғи газ рахатын көрмеген қызылқоғалықтарға бұл әрине зор жетістік болып отыр. Кей кездері үйге от жағып, кейде жағарға отын болмай қалып талай қиындық көрдік қой. Қазір оның бәрі артта қалды.
Еңбегіңіз жемісті болсын, отбасыңызға тыныштық тілеймін осы нәтижелі жұмыстарына ауданның тұрғындарының атынан ризашылығымды білдіргім келеді.
Администратор 21.07.2010
Тілегіңізге рахмет!