Атырау облысы әкімшілігінің интернет-конференциясы
Атырау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 13
- Жауаптар: 13
- 20.07.2010
- 22.07.2010
- Атырау облысының әкімшілігі
Муратов 20.07.2010, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Сәулебайұлы! Соңғы 3-жыл ішінде Жайық өзені тасымай, оның салдарынан орман-тоғайлар қурап, шабындық алқаптар құрып кетіп отыр. Оның себебі неліктен, облыс әкімдігі тарапынан оның сулылығын арттыруға бағышталған қандай шаралар алынып жатыр.
Администратор 21.07.2010
Шындығында да Жайық өзенінің көктемгі ағысы көлемінің азаюуы салдарынан оның өз арнасынан шықпау фактілері орын алып келеді. 2009 жылы бұл жөнінде облыс әкімдігінде әр түрлі дәрежеде жиналыстар өткізілді. Соңғысы, 2010 жылдың 27 қаңтары күні облыс әкімдігінде Ресейдің уәкілетті органдары, ғалымдары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, уәкілетті және жергілікті мемлекеттік органдар, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі және су саласының ардагерлерінің қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізіліп, оның қорытындысымен жинақталып топталған ұсынысымыз ҚР Премьер – Министріне жолданды. Бұл мәселе жөнінде ҚР Премьер – Министрі К. Мәсімов 2010 жылдың 18 маусымында Атырау да болған іс-сапарында Жайық өзені жөніндегі мәселені шілде айында Орал қаласында Ресей Үкіметімен бірлесіп өткізілетін жиында қарайтындығын мәлімдеген болатын. Осы айдың 22 шілдесінде Орал қаласында 2 елдің үкіметінің қатысуымен өтетін жиынға қатысатын боламыз. Жайық өзенін қалпына келтіру жөніндегі нақты ұсыныстарымыз сол жиында айтылатын болады. Мәселе бақылауда.