"Мемлекет Басшысының Қазақстан халықына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауын жүзеге асыру жолында Ақмола облысының өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы»
Ақмола облыс әкімі Сергей Александрович Дьяченконың «мемлекет Басшысының Қазақстан халықына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауын жүзеге асыру жолында Ақмола облысының өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы» атты тақырыбына өтетін интернет-конференциясы. http://www.akmo.kz/
- Сұрақтар: 18
- Жауаптар: 17
- 21.02.2011
- 22.02.2011
- Акмолинская область
Ахметова Алтынай 08.12.2010, Сұрақ нөмірі:
Немерем балабақшаға баратын жасқа келді. Дегенмен, кезекте тұрған бала да жеткілікті екен. Бүгінде бұл мәселені шешу бағытында қандай жұмыстар атқырылып жатыр.
Администратор 08.12.2010
Балабақша жүйесі соңғы үш жыл ішінде 50 бірлікке артса да кезекте тұрған бала саны 11144-ті құрап отыр. Бұл демографиялық көрсеткіштің өсуінің белгісі деуге де болады. Осы жылы "Балапан" бағдарламасы аясында 1330 орындық 8 балабақша құрылысы жүргізілуде, оның 7-уі ағымдағы жыл соңына дейін беріледі. Сонымен қатар, мектеп жанындағы шағын орталықтар желісі де арттырылуда. Бұдан бөлек, аймақта жеке меншік балабақша саны жылдан жылға көбеюде. Үстіміздегі жылы облыста алғаш отбасылық балабақшасы ашылып, жұмыс жасауда. Тұрмысы төмен отбасылардың 40 баласы үшін «Ұмай» сауықтыру-тәрбие беру, қайырымдылық балалар үйіне әлеуметтік тапсырыс орналастырылды.