«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 11.06.2010
- 11.06.2010
- Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
Дабылова Роза 08.12.2010, Сұрақ нөмірі:
Елбасы Жолдауында атап көрсетілген 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге байланысты жалпы білім саласындағы өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу, мекеп құрылыстарын салу қарқынды жүргізілуде. Дегенмен, облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 81 пайызы ауылдық жерде орналасқан, оның ішінде шағын жинақталған мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, алыс-шалғай мектептерге кадрларды тұрақтандыру мақсатында олардың әлеуметтік жағдайын жасау, осы мектептерден түрлі шараларға қатысуға қажетті оқушылардың қатынас көліктерін шешу, олардың өз білімдерін тереңдете оқытуына мүмкіндік көзі болып табылатын ресурстық орталықтар ашу туралы пікіріңізді білгім келеді
Администратор 08.12.2010
Облыстағы 289 мектептің 234-і ауылдық жерде орналасқан. Ауылдық жердегі мектептердің потенциалын қалалық мектептермен әрине салыстыруға болмайды. Алайда білім сапасының көрсеткіштерін салыстырғанда ауылдық мектептеріміз де қалысып жатқан жоқ. Өз мүмкіндіктерімен білім сапасын беруде. Сондықтан да ауыл мектептеріне көмек беруге, олардың жағдайын жақсартуға біз әрқашан дайынбыз. Қазіргі уақытта шағын жинақталған мектептердің проблемаларын мүмкіндігінше шешу жолдарын қарастыруға, қаржысын шешуге байланысты тиісті құзырлы органдарға тапсырма беріліп, егжей-тегжейлі қарастырылуда.