Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Журналист 26.03.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қазақстанда Бірыңғай салааралық мемлекеттік бағдарлама және гендік түрлендірілген тағам мен ауыл шаруашылығы өнімдерін бақылау және сәйкестендіру бойынша қазіргі заманғы зертханалық база бар ма?

Администратор 27.07.2008

Бүгінгі таңда техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде 477 сынақ зертхана (орталықтар) және 188 сәйкестікті растау жөніндегі органдары аккредиттелген. 95 зертханалар мен 53 органдарын аккредиттеу саласына тағам және ауыл шаруашылығы өнімдерін сынау мен сәйкестігін растау кіреді. Қазіргі уақытта гендік түрлендірілген өнімдер бойынша зертханаларды құру жөніндегі жұмысты ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау министрліктері «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде жүргізеді