ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ

Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.

  • Сұрақтар: 1531
  • Жауаптар: 45
  • 16.02.2009
  • 31.12.2010
  • ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі

Мухаммедова Меруерт Амантурдыевна 25.02.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсіз бе? Мен Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында тұрамын. Жакында, 7 акпан күні туған ағам балалы болды. Әкеміздің аты - Амантұрлы, бірақ бастапқыда әкемнің туу туралы куәлігінде - Амантұрды деп, "л" әріпінің орнына "д" әріпі қате жазылып кеткен. Сондықтан бәріміздің төл құжатымызда әкеміздің аты қате күйінде Амантұрды деп жазылып тұр. Енді біз жаңа туған ағамның баласына Амантурлин Жан Али Манасұлы деген туу туралы куәлігін алғымыз келеді. Бірақ, бізге жергілікті АХАЖ бөлімі: "Амантурлин деп бере алмаймыз, себебі, -ов, -ев, -ин деген жалғаулар қазіргі заңға сәйкес болмайды," - деп қарсылық білдірді, және "Амантұрлы емес, бастапқы құжаттарыңызда Амантұрды деп жазылғандықтан "д" әріпін "л"-ға өзгерте алмаймыз," - деді. Сонда біз осыдан 50 жыл бұрын алынған құжаттағы қатені болашақ үшін де пайдалана беруіміз керек пе? Бір әріптің қатесіне бола інімнің бүкіл болашақтағы құжаты қате болуы керек пе? Жаңа туған балаға қандай фамилия берсек те өзіміздің құқымыз емес пе? Амантурлин Жан Али Манасұлы деген куәлікті алуымыз үшін АХАЖ бөліміне не деуіміз керек?