«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция

- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 11.06.2010
- 11.06.2010
- Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
Аблезқызы Зухра 08.12.2010, Сұрақ нөмірі:
Күнделікті өмірімізге тұтынып отырған ұн, нан бағасын тұрақтандыруға қандай шаралар атқарылуда?
Администратор 08.12.2010
Облыс халқын 1 сортты ұнмен белгіленген бағада тұрақты қамтамасыз ету мақсатында үстіміздегі жылдың 3 қыркүйегінде 5 жақты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» Холдинг» АҚ, «Қазақстанның астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстанның астық өңдеушілері және нан пісірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігі мен Қызылорда облысы әкімдігі арасында Меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес «Қазақстанның астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігі Қызылорда қаласына жеткізу жағдайымен облысқа ай сайынғы қажетті 1 сортты ұнын килограмын 46 теңгеден босатуды қамтамасыз етуде. Бүгінгі күні облысқа 4104 тонна ұн жеткізіліп, бірінші кезекте наубайханаларға босатылуда. Үдемелі дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласындағы «Шапағат сүт» ЖШС-гі тәулігіне 30 тонна нан өнімдерін шығаратын нан зауытын шілде айында іске қосты. Қазіргі таңда зауыт күніне 8,2 тн нан өнімдерін шығарып, 4 тұрақты сауда нүктелері және 120 дүкендермен келісім шартқа отыру арқылы өткізуде.