ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ

Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.

  • Сұрақтар: 1531
  • Жауаптар: 45
  • 16.02.2009
  • 31.12.2010
  • ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі

Мадекей Омиртай 22.02.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсіз бе! Құрметті, Бақытжан Жумағулов! Қазахстан Республикасы 12 жылдық білім алу жүйесіне көшуге дайындық үстінде. Осы жоспарға дайындығымыз қалай және қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Сонымен бірге сізге бір ұсынысымды айта кеткім келіп отыр. Қазахстан түбінде Латын әріптерін қолдану жүйесіне ауысады. Бірақ осы жүйені сіз он екі жылдық білім алу жуйесімен бірге енгізсеніз, әрі экономикалық жағынан әрі оқу қурал және методикаларды қайта дайындау жағынан өте пайдалы шешім болар еді. Сіз бұған қалай қарайсыз? Сіздің кеменгер шешімінізге сенемін! Құрметпен Өміртай Мәдекейұлы