Атырау облысы әкімшілігінің интернет-конференциясы
Атырау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 13
- Жауаптар: 13
- 20.07.2010
- 22.07.2010
- Атырау облысының әкімшілігі
Сабина 20.07.2010, Сұрақ нөмірі:
Мен жалғыз басты анамын. 4 балам бар. Балаларымның екеуі мектепте оқиды. Өткен жылы мектепте Акция ұйымдастырылып, балаларыма киім, аяқ-киім, оқу құралдарын алып берген еді. Бұл мен үшін үлкен көмек, балаларым үшін шексіз қуаныш болды. Биыл да сондай Акция бола ма?
Администратор 21.07.2010
Құрметті Сабина! Облысымызда әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының және жетім, жартылай жетім балалар «Жалпыға бірдей міндетті оқу заңдылығы» негізінде мемлекеттен көмек алып отырады. Сонымен қатар, жыл сайын Мемлекет басшысының оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасы бойынша жыл сайын «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып келеді. Өткен жылы облыс бойынша анықталған нақты әлеуметтік қолдауды қажет ететін 15 422 оқушыға 110, 6 млн теңге сомасында көмек жасалды. Оның ішінде жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан 8 422 балаға 52, 5 млн теңге, басқа көмек түрлерінен 7 000 балаға 58 084,6 мың теңге сомасыда демеушілік көмек ұйымдастырылды. Биылғы жаңа оқу жылында да осындай жұмыстар жалғасады. Сіз жергілікті жердегі білім бөліміне хабарласа аласыз.