Павлодар облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді
2010 жылғы 15-ші қазан күні Павлодар облысының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 26
- Жауаптар: 21
- 15.10.2010
- 15.10.2010
- Павлодар облысы Әкімдігі
Мирхат Атанаев 15.10.2010, Сұрақ нөмірі:
Қазіргі жаңа ақпараттық технологиялар жөнінде барлық жерде көп айтылады. Ал мектептегі компьютерлердің жартысына жуығы ескірген. Осы тозығы жеткен компьютерлерді ауыстыру жоспарларыңызда бар ма?
Администратор 15.10.2010
Мен бұл мәселені облыстың аудандарында болған жұмыс сапарларымның барысында өз көзіммен көрдім. Қала және аудан әкімдеріне осы мәселе бойынша тиісті тапсырма берілді. 2011-2013 жылдар аралығында мектептердің барлық компьютерлік паркттері жаңар-тылатын болады.