Павлодар облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді
2010 жылғы 15-ші қазан күні Павлодар облысының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 26
- Жауаптар: 21
- 15.10.2010
- 15.10.2010
- Павлодар облысы Әкімдігі
Асылжанова Меруерт 15.10.2010, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе? Мен жас отбасыларды жұмысқа орналастыру жөнінде білейін деп едім. Менің жасым 23-те, тұрмыстамын, бір кішкентайым бар. Биыл университет бітірдім. Ал жұмысқа орналаса алмай жүрмін. Барлық жерде кем дегенде 1 жылдық еңбек өтілін та-лап етеді. Ал жұмысқа қабылдамаса ондай өтілді қайдан алуға болады?
Администратор 15.10.2010
Түлектерді жұмысқа орналастыру жұмыспен қамту органдарының негізгі міндеттерінің бірі. Жұмысқа орналастыру жөнінде көмек алу бойынша сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңыз қажет. Содан соң Сізге бөлімнің деректер базасында бар сіздің қалаңыздың (ауданыңыздың) ұйымдары мен кәсіпорындарындағы бос жұмыс орындар жөнінде ақпарат ұсынылатын болады. Сізге мемлекеттік қолдау болып табылатын қосымша шара ретінде жастар практикасы ұсынылады. Мұның негізгі мақсаты – түлектердің мамандығы бойынша алған дағдыларын шыңдап, тәжірибе қалыптастырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталып отыр. Бұдан басқа жұмыс берушімен тығыз қарым-қатынаста болып, жүйелі түрде өткізіліп тұратын бос лауазымды орындар жәрмеңкелеріне қатысу арқылы Сіз кәсіпорындардың кадрлық резервіне тұрып, жұмысқа орналасуға мүмкіндік ала аласыз. Сондай-ақ ауылдық жерлерге барып, жұмыс істеуге мүмкіндігіңіз бар. Ауылдық жерлерге жұмыс істеуге барған жас мамандар тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, қосымша көмек ретінде көтермеақы беріледі.