Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
жумажанов сарсенбек 28.04.2010, Сұрақ нөмірі:
Осы жылы Маңғыстауда Ақтау сити кұрлысы басталады ма?
Администратор 28.06.2010
Құрметті Сәрсенбек! 2010 жылдың шілде айында "Ақтау-ситиде" бірінші шағынауданның құрылысы басталады. Шағынаудан қажетті әлеуметтік инфрақұрылымдармен кешенді түрде салынатын болады. "Ақтау-сити" аумағында мектеп, спорт кешені, және 2 балабақша салынатын болады. Сонымен қатар сауда орталытары, кинотеатрлар жоспарда жоқ емес.