Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Gauhar Esentemirova 06.05.2010, Сұрақ нөмірі:
Маңғыстау облысының әкімі Қ.Е.Көшербаев мырзаға Ақтау қаласының тұрғыны Абдиганиева Ұлболғаннан өтініш. Осы өтінішімді бере отырып, төмендегідей жағдайымды білдіремін: Мен , Абдиганиева Ұлболған « Қарттар және мүгедектер» үйінің жұмысшысымын , көп балалы анамын , 6 балам бар , жолдасым II-топтағы мүгедек, 2 бөлмелі пәтерде тұрамыз . 2005 жылдың мамыр айынан бастап жер телімі кезегінде тұрмын , осы мәселеге байланысты Мұнайлыдағы жер телімін беретін мекемеге бірнеше рет бардым , бірақ нәтиже жоқ . Үлкен ұлым 2 баланың әкесі Исентемиров Анвар «№8 Өрт сөндіру» мемлекеттік мекемесінде жұмыс жасайды , ол өзінің жұмыс жасайтын мекемесінде және әкімшілікте үй кезегінде 2007 жылдан бері тұр, қазір пәтер жалдап жүр.Және де 6 балаға арналған күміс алқаға 2010 жылдың қаңтарында арыз бергенмін , соны осы күнге дейін әлі алған жоқпын. Үй және жер телімі және 6 балалы анаға арналған күміс алқа мәселесінің шешілуін Маңғыстау халқының басшысы ретінде нәтижесіз қалдырмауыңызды сұраймын!
Администратор 03.06.2010
Құрметті Ұлболған апай! Ақтау қалалық әкімдігінің мәліметі бойынша, Сіздің «Күміс алқа» белгісімен марапатталуға үміткер ретінде ресімделген құжаттарыңыз қазір ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның қарауында. Демек, өзіңізге бұл награда аталған комиссияның ұсынысы бойынша Елбасы Жарлығына сәйкес тапсырылатын болады. Ғұмырларыңыз ұзақ болып, бала-шағаның қызығын көріңіздер. Ұлыңыз Анвардың баспана мәселесіне келер болсақ, мемлекеттік, бюджеттік сала және әскери қызметкерлер пәтер алу тізімінің кезегіне тіркелу үшін, арызын жұмыс орнындағы тұрғын үй комиссиясына жолдауы тиіс. Кезек тізімі толық жасақталып, қызметкерлерді кезекке тіркеуге шешім қабылдағаннан кейін, тізім Ақтау қаласы әкімдігіне келісімге жолданылады. Анвар жұмыс орны бойынша кезекте тұр, алдағы уақытта, мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйлер тапсырылып, мекемелерге бөлінген кезде ұлыңыздың мәселесі тізім кезегіне сәйкес қаралады. Ақтау қаласы әкімдігіне 2006 жылдың 1 қаңтарына дейін жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер теліміне арыз жазған азаматтарға Мұнайлы ауданы Қызылтөбе селолық округінің әкімшілік аумағына қарасты «Батыр» тұрғын массивінен жер учаскелері бөлінуі көзделуде. Сіздің арызыңыз Қызылтөбе селолық округінде жалпы тізімде №4589 болып тіркелген. Қазіргі таңда тұрғын массивінің сыртқы және ішкі инженерлік желілерінің құрылысына технико-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттар жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жер тілімін бөлу туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады. Құрметпен, Қырымбек Көшербаев