Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Шиндауова Актоты Куандыккызы 10.05.2010, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе Қырымбек аға! Мен, Шиндауова Актоты Куандыккызы, 1984 жылы Қызылорда обл, Қазалы ауданында туылдым. 2007 жылы осы Ақтауға тұрмысқа шықтым. Жолдасым Бужанов Азамат екеуміз дәрігерміз. Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылында 3 жыл болды жұмыс жасап жатқанымызға. Осы жылы біздерге жас мамандар ретінде бастығымыз Тайшыбаев.Б.С сендерге 2 бөлмелі пәтер бөлінді деп ақпан айында айтты. Содан бері апта сайын жиналыс болып үй беріледі деп ауызша айтып шығарып салады, кілтін берген жоқ. Бізден кейін келген жас маман дәрігерге 2 бөлмелі пәтердің кілтін беріліп, ол кісі міне екі ай болды жаңа пәтерінде тұрып жатыр. Ал біздер ше? Екеуміз де дәрігерміз, бұйырса екінші баламыз болады, біз қашан аламыз? Сәуір айында тағы жиналыс болып, 3 бөлмелі пәтерді бізге және тағы бір отбасыға (подселение) бөлінді деп тағы ауызша айтып қойды. Біздер мұндай заң бар ма деп сұрап едік, өзіміз билемиз деп айтты. Қырымбек аға сізден ауылдасым ретінде, нағашы аға ретінде сұрайтыным бізге жеке пәтер алуға көмек сұраймын. Сіздін қабылдауыңызға тіркелейін деп сізге хат жолдап едім, хатшыңыз қабылдамайтынын айтты. Енді мен не істерімді білмей отырмын. Сізден көмек сұраймын. Өтінем!!!!!!!!!!!!!
Администратор 03.06.2010
Құрметті Ақтоты Қуандыққызы! Жас мамандарға, әсіресе елді мекендерде еңбек ететін әлеуметтік сала мамандарына қолдау көрсету - басымдыққа ие мәселелердің бірі. Сондықтан, сіздер үшін баспана мәселесі шешілуі тиіс. Сіздің сауалыңыз бойынша мәлім болғаны, Мұнайлы ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының отырысы негізінде «Мұнайлы орталық аудандық аурухана» МКҚК-ге 5 пәтер бөлінген. Осының негізінде «Мұнайлы орталық аудандық аурухана» МКҚК аудан әкімдігінің отырысына (хаттама) құжаттар рәсімдеуде. Құжаттар аудан әкімдігінің келесі отырысында қаралатын болады деп маған ақпарат берілді. Қызметтеріңізге табыс тілеймін. Құрметпен, Қырымбек Көшербаев