Атырау облысы әкімшілігінің интернет-конференциясы
Атырау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 13
- Жауаптар: 13
- 20.07.2010
- 22.07.2010
- Атырау облысының әкімшілігі
Арай 20.07.2010, Сұрақ нөмірі:
Мұнай саласының дамуы біздің өлкеміздің экологиялық жағдайына теріс әсер етуде. Оны қорғауға қандай жұмыстар жасалуда.
Администратор 21.07.2010
Құрметті Арай! Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексімен көзделген қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды экономикалық реттеу механизімдерінің бірі – бұл қоршаған ортаны қорғау мен сапасын жақсартуға бағытталған табиғат қорғау іс – шараларын жоспарлау мен қаржыландыру болып табылады. Облыстағы орындалып жатырған қоршаған ортаны қорғау жұмыстары мен табиғат пайдаланушылардың осы бағыттағы іс – шараларды жоспарлап, оларды нақты түрде жүзеге асыруы - мұнай және газ қорын игеру жұмыстарының жыл өткен сайын қарқынды өсуімен, қоршаған ортасына деген ауыртпашылығы артып отырған Атырау өңірі үшін өте маңызды. 2008-2009 жылдары облыстық бюджет есебінен табиғат қорғау іс-шараларына 7 млрд. теңге қаржы бөлініп, 73 іс-шара орындалса, ағымдағы жылы облыс көлемінде 1 млрд. теңгеге қаржы бөлініп, маңызды 15 іс - шара жүзеге асырылуда.