2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 41
  • Жауаптар: 41
  • 24.11.2010
  • 30.11.2010
  • Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі

Фазылов Сайлау Бахиұлы 24.11.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Бақтықожа Салахатдинұлы! Елбасының "Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауында айтылған "Балапан" арнайы бағдарламасы бойынша елімізде көптеген жаңа балабақшалар ашылып жатқаны белгілі. Қаратөбе ауданы бойынша биылғы жылы облыс әкімшілігінің қолдауымен аудан орталығынан 300 орындықты 100 орын интернатымен мектеп кешені салынған болатын. Ал бұрынғы мектеп-гимназия балабақшаға айналдыру мәселесі қалай жүруде?

Администратор 29.11.2010

Биылғы жылы балабақша ғимаратының жобалық-сметалық құжаттары жасақталды. Бұл мәселе 2011-2013 жылдарға арналған бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына байланысты қаралатын болады.