2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 24.11.2010
- 30.11.2010
- Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі
Жантурин Нурберген 26.11.2010, Сұрақ нөмірі:
БСН қалай алуға болады?
Администратор 30.11.2010
Сіз өзіңізге қажетті БСН алу үшін тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша әділет органына жүгіне аласыз. БСН алу үшін қажетті құжаттар тізімі төмендегідей: 1. Барлық құрылтай құжаттары: 1.1. Жарғы; 1.2. Статистикалық карта; 1.3. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлігі (СТН); 1.4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. 2. Арыз. Қосымша ақпараттар туралы Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментіне 51-10-85 нөміріне хабарласуыңызға болады.