Үлескерлik құрылыс қатысушыларымен интернет-конференция

Салушылар, тұтынушылар, жылжымайтын мүлік субъектілері арасындағы құқықтық және экономикалық қатынасты реттеу және Қазақстан Республикасы азаматтарын орталық және жергілікті атқарушы органдармен, банктармен, Қазақстан Республикасы салушылары ассоциациясымен байланысуға мүмкіндік беру мақсатында, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2008 жылғы 18 тамыздағы № 20-55/007-679 Жарлығы негізінде 2008 жылдың 9 қыркүйегі мен 1 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасындағы үлескерлік (үлескерлер) құрылысқа қатысу мәселелері «электрондық үкімет» Веб-порталында http://www.e.gov.kz/ 2008 жылғы жылыту маусымына қатысты мәселелер бойынша Интернет-конференция өткізіледі

  • Сұрақтар: 686
  • Жауаптар: 1038
  • 09.09.2008
  • 01.11.2008
  • Қызылорда облысы әкімдігі

Әйгерім 11.09.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Иманғали мырза және Қазақстанның салушылар ассоциациясы! Менің есімім - Әйгерім. Менің ағам үлескер ретінде Талапкер,5 мекен-жайындағы 9 қабатты тұрғын үйден үй алған едім. Үйдің құны төленген. Бұрын ол үйді "Дубай Холдинг" фирмасы бастап, соңында күйреп фирма басшысы қашып кеткен еді. Қазір ол үйдің құрылысын жалғастыруды "Ромул" фирмасы қолға алып отыр. Бірақ бұрынғы жасалынған келісім-шарт өзгертіліп, үйдің салыну уақыты ұзартылды. Ал ол үй 2006 жылдың желтоқсанында қолға тию керек болатын. Онсыз да екі жыл күттік, енді екі жыл күту тағы да күдік тудырып отыр. Келісім-шарттағы кейбір жайларға келісе алмаймыз. Әлі қол қойған жоқпыз. Үй құрылысы басталды бірақ бізді оның салынып болу уақыты қанағаттандырмайды. Үй қашан салынып бітеді, және үй құрылысына байланысты қазір қандай шаралар атқарылып жатыр? Рахмет

Администратор 10.10.2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нарықта үйдің жағдайын тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралары туралы» 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 348 қаулысын орындай отырып, Астана қаласының әкімдігімен оның құрылыс салушысы «Ромул» ЖШС болып табылатын, Талапкер тұйығындағы 5 тұрғын үйден пәтерлердің бір қатары сатып алынды. Астана қаласының Құрылыс басқармасы мен «Ромул» ЖШС арасында сатып алу шарты жасалған, соған сәйкес ЖШС аванс алды. Жұмыстар қайта жалғастырылды, құрылыстың аяқталу мерзімі -2009 жылғы 3 тоқсан.