2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 41
  • Жауаптар: 41
  • 24.11.2010
  • 30.11.2010
  • Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі

Даулова Балганым Молдағалиқызы 25.11.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

2007 жылдың ақпан айында жер теліміне кезекке тұрған едім. Жер телімі қашан және қай жерден беріледі? Жалпы беріле ме жоқ па? Алдын-ала жауабыңызға рахмет!

Администратор 30.11.2010

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 44-бабының 8-тармағына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы №726 Қаулысының 8-1 тарауына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген дайын алаңдар болған жағдайда жергілікті атқарушы орган...... жер учаскесін беру туралы келіп түскен өтініштердің (қолдаухаттардың) кезектілігі негізінде азаматтардың тізімін қалыптастырады......». Жоғары баяндалған негізде тұрғын үй құрылысына және оған қызмет көрсету үшін берілген 2007 жылғы арызыңыз кезегіңіз келгенде алатынын Сізге хабарлаймыз. Қазіргі кезде Деркөл кенттік округінде 2003 жылы арыздарын тапсырған азаматтарды және 2004 жылы тапсырған азаматтардың бір бөлігін жер учаскелерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.