ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ
Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.
- Сұрақтар: 1531
- Жауаптар: 45
- 16.02.2009
- 31.12.2010
- ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі
Байтілеуова Әлия 21.12.2010, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіздер ме! Мен сіздерге мынандай мәселемен жүгінемін: Мен аудандық маслихатқа 2009 жылдың 10 желтоқсанында жетекші маман ретінде жұмысқа орналастым, 6 ай осы қызметте жұмыс істеп, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде жетекші маман кызметіне ауыстым. 4 айдан соң 2010 жылдың 1 қарашасында жұмыс орным қысқартылды. Менің мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілімім 10 ай. Менің қысқартылуыма байланысты толық есеп айырысу қандай тәртіпте жүргізіледі? Әлеуметтік көмек қанша сомада төленеді? Рахмет!