Павлодар облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді
2010 жылғы 15-ші қазан күні Павлодар облысының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 26
- Жауаптар: 21
- 15.10.2010
- 15.10.2010
- Павлодар облысы Әкімдігі
Рамазанов Байбол 15.10.2010, Сұрақ нөмірі:
Мен Рамазанов Байбол пәтер алуға 7 жыл кезекте тұрмын. 2 Павлодарда үй құрылысы жүргізіліп жатқанын естідім. Осы пәтерді ала алам ба? Осы құрылыс қашан бітеді?
Администратор 15.10.2010
Құрметті Байбол аға! Сіз қала әкімдігінің мәліметі бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері ретінде тұрғын үй кезегінде 19-шы болып тұрсыз. Екінші Павлодардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған әлеуметтік тұрғын үй биылғы жылдың аяғына дейін салынып бітуі тиіс. Осы аталған үйден Сізге пәтер бөлу мәселесі қалалық тұрғын үй комиссиясында міндетті түрде қарастырылатын болады.