2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 24.11.2010
- 30.11.2010
- Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі
Сариев Таңат "Сұңқар"ШҚ жетекшісі 24.11.2010, Сұрақ нөмірі:
Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін(жүн,тері)өңдейтін кәсіпорын жоқ.Осындай кәсіпорын ашуға қолдау көрсетіле ме?
Администратор 25.11.2010
2011 жылы бизнесті тіркеуге және бизнесті жүргізуге байланысты операциялық шығындарды 30% қысқарту көзделген. Сонымен қатар, жаңа өндіріс орын ашуға ниет білдірген адамға мақсатты несиелер беріледі. Елбасының тапсырмасына сай шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, оларға қолдау көрсету атқарушы органдарға жүктелген. Осы тапсырманы орындау мақсатында жергілікті жерлерде бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, берген сұранысына сай кәсіпкерлер несие алып түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өңдеу кәсіпорындарын қолдау мақсатында ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 2009 жылы – 250 млн. теңге, 2010 жылы -150 млн. теңге несие берілді. Тек биылғы жылдың өзінде Жәнібек ауданында маңызы зор екі жылыжайдың, сондай-ақ мал сою орындарының құрылыстары аяқталып, іске қосылды.