2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 41
  • Жауаптар: 41
  • 24.11.2010
  • 30.11.2010
  • Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі

Эльенора Нұрғали 25.11.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Үкіметтің тапсырмасы бойынша қыруар қаржы жұмсалып, ауылдарда мәдениет үйлері мен мектептер бой көтерді. Ішерге ауыз суы жоқ, болашағы бұлыңғыр ауылдардың ауыр жағдайы жоғарыдағыдай маңызды шаралар атқарыларда неге есепке алынбайды екен? Мәселен, өзіме жағдайы біліс Сырым ауданының Жамбыл ауылы, сондай-ақ, Жұбан ақынның талбесігі Сайқұдық ауылдарын алайық...

Администратор 29.11.2010

Сайқұдық ауылын сумен жабдықтау 2014 жылға жоспарланып отыр. Өйткені 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасына сәйкес халық саны көп елді мекендер басымдылыққа ие болады. Соған орай 2011-2013 жылдары Бударино, Есенсай, Мерген, Ақжол және Жанама ауылдары сумен жабдықтау жоспарлануда. Осы бағдарламаға сәйкес Сырым ауданы Жамбыл ауылын сумен жабдықтау 2015 жылға жоспарланып отыр.