Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Әбдіхалық Таңатар Асабайұлы 10.05.2010, Сұрақ нөмірі:
Саламатсыз ба, Қырымбек Елеуұлы! Сізге қояр сұрағым: жеке кәсіпкермін, Бейнеу селосынан хим. тазарту, 25-30 орындық көпшілік моншасын және шаштаразымен салғым келеді, облыстық бюджеттен кәсіпкерлікті қолдау қорынан жеңілдетілген несиемен қаржы алу мүмкіндігіне Сіздің тарапыңыздан көмек болады ма?
Администратор 03.06.2010
Құрметті Таңатар Асабайұлы! Сіз жеңілдетілген несие алу үшін химиялық тазарту, монша және шаштараз ашу жөніндегі бизнес-жоспарыңызды дайындап, несие сыйақысының пайыздық үстемақысы 10 пайызды құрайтын «Бейнеу ауданының микрокредиттік ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (Бейнеу ауылы, Д.Тәжиев көшесі, Бизнес орталығының ғимараты, тел/факс: 8 (72932) 2 54 12, e-mail: mko_beineu@mail.ru) хабарласуыңыз қажет. Іске сәт! Құрметпен, Қырымбек Көшербаев