Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.

2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.

  • Сұрақтар: 29
  • Жауаптар: 29
  • 23.04.2010
  • 10.05.2010
  • Акимат Мангистауской области

Бакыт 26.04.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Ана мен бала мәселесі шешіліп келе жатыр. Денсаулық саласы қызметкерлерінің сапасын арттыру қажет сияқты.

Администратор 20.05.2010

Құрметті Бақыт! Облысымыздың шалғайлығына байланысты дәрігерлерімізді жаппай орталық институттарда оқытып, білімдерін жетілдіру мүмкін еместігі айқын. Сондықтан, өткен жылдан бастап білім жетілдіру институттары басшыларымен арадағы келісімдер арқасында оқытушыларды облысқа тарту мүмкіндігіне қол жеткізілді. Осылайша, 2009 жылдың қорытындысы бойынша 665 дәрігер (жылдық жоспар - 284) және 1495 орта буынды медицина қызметкері (жылдық жоспар - 633) білімін жетілдірді. 2008 жылы облыста дәрігерлердің білім санаты 15 пайыз болса, 2009 жылы 31,6 пайызға артты. Ал, орта буынды медицина қызметкерлерінің санат көрсеткіші 2008 жылғы 9,6 пайыздан 2009 жылы 25,5 пайызға дейін көтерілді. Биыл шет елдерде оқыту мәселесі де біршама жақсарды. Менеджмент курсынан Сингапурда 2 және Австрияда 1 бас дәрігер білімін жетілдірді. 4 дәрігер Израиль, 3 дәрігер Ресей, жақын арада ашылатын кардиохирургия бөліміне 12 маман Литва мемлекеті Каунас медициналық университетінде 10 ай бойына оқыды. Олардың ішінде орта буынды медицина қызметкерлері де бар. 2009 жылы жоғары оқу орынын бітірген 15 жас маман «Жол картасы» бойынша қайта даярлау циклынан өткізіліп, жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыз жүрген 30 орта буын медицина қызметкері де қайта даярлаудан өтіп, қажеттілікке сәйкес жұмыспен қамтылды. Аудандарға қосымша 6 дәрігер, қаладағы медицина мекемелеріне 11 дәрігер жолданды. Құрметпен, Қырымбек Көшербаев