"Мемлекет Басшысының Қазақстан халықына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауын жүзеге асыру жолында Ақмола облысының өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы»

Ақмола облыс әкімі Сергей Александрович Дьяченконың «мемлекет Басшысының Қазақстан халықына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауын жүзеге асыру жолында Ақмола облысының өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы» атты тақырыбына өтетін интернет-конференциясы. http://www.akmo.kz/

  • Сұрақтар: 18
  • Жауаптар: 17
  • 21.02.2011
  • 22.02.2011
  • Акмолинская область

Нұрбаев Жәмис 08.12.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Ауылымыз облыс және аудан орталықтарынан өте шалғайға орталасқан. Адам болған соң ауырмай, сырқамай тұрмайды. Осындайда ем-домды жақын жерден алғың келеді. Ауылда медпункт салынып жатыр, осы емдеу орны тездетіп пайдалануға берілсе деген ауыл тұрғындарының өтініші бар, осыған не айтар едіңіз?

Администратор 08.12.2010

Өзіңізге белгілі, жыл санап ауылдық жерлерге мұндай медициналық беттерді салу жұмыстары қарқынды қолға алынып келеді. Сіз айтып отырған Далдабай ауылындағы жаңадан салынған медицицналық бекет үстіміздегі жылдың 16 желтоқсаны елімізді ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, облыс тұрғындары биылғы жылы онға тарта осындай жаңа медициналық бекеттердің игілігін көретін күннің алыс емес екенін айта кеткенді жөн көріп отырмын.